1. Сайтқа қалай тіркеледі?

· Экранда пайда болған бетке өз мәліметтеріңізді толтырыңыз (аты, тегі, электронды почта, құпия сөз)

2. Сайтқа тіркелмей жұмыс жасау мүмкін бе?

       · Жоқ, сайттың мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін тіркелу керек. Тіркелу арқылы ғана тапсырған тест нәтижесін, қате сұрақтарды қарай аласыз

3. Тіркелу кезінде қандай қателіктер болуы мүмкін?

         · Бұрын тіркелген электронды почтаны жазып, қайта тіркелуді басқан жағдайда, сайт қайта қабылдамайды. Мұндай жағдай орын алса, құпия сөзді ұмыттым батырмасын басып, почтаңызды енгізіңіз. Сол электронды почтаға келген хатқа жауап беру арқылы жаңа құпия сөз жазып қалпына келтіре аласыз.

4. Құпия сөзді ұмытқан жағдайда не істеу керек?

        «Құпия сөзді ұмыттым» батырмасын басып, почтаңызды енгізіңіз. Сол электронды почтаға келген хатқа жауап беру арқылы жаңа құпия сөз жазып қалпына келтіре аласыз.

5. Бір аккаунтты бірнеше адам пайдалана алады ма?

         · Сайт ережесі бойынша бір аккаунтты бірнеше адам пайдалана алмайды. Егер өз аккаунтыңызды басқа қолданушы пайдаланып жүргенін байқасаңыз, құпия сөзді өзгертіңіз. Құпия сөздң жеке кабинет арқылы өзгертуге болады.

6. E-UBT сайты арқылы қандай пәндерден тест тапсыруға болады?

        · Сайт ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) тапсырушылар үшін қосымша өз білімдерін тексеру мақсатында жасалған. ҰТО стандарты бойынша міндетті үш пәннен (Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математика) және таңдау пәндері бойынша сынақ тестін тапсыра алады.

7. Сайтта тест тапсыру үшін қалай сатып алады?

          · Сайт ақылы болып табылады және бір реттік тест тапсыру құны 350 тг. Мәзір бойынша жеке кабинетке кіріп, «баланс толтыру» батырмасы арқылы төлем жасап, өз балансыңызды толтыра аласыз.

        · Төлемді бірнеше жолмен іске асыруға болады: kaspi kz қосымшасы арқылы төлем жасап, чекті жіберген жағдайда 24 сағат ішінде төлем сіздің балансыңызға келіп түседі

        · Онлайн төлем жасаған жағдайда , балансыңызға сол мезеттке келіп түседі. ЕСКЕРТУ: Онлайн төлем тек 3D security функциясы қосылған банк карталары арқылы ғана жүзеге асырылады(kaspi gold картасы арқылы тікелей онлайн төлем жасау мүмкін емес, тек қосымша арқылы төлеп чекті менеджерге жіберу арқылы).

8. Сайт базасында қанша тест тапсырмалары бар?

· Сайт базасында 20000-нан астам тест тапсырмалары бар.

9. Сайттағы сұрақтардың мазмұны, құрылымы, жауаптары бойынша қателіктер болса?

      · Сұрақтардың мазмұны, құрылымы, жауаптары бойынша қателіктер болса менеджер номеріне +7707 431 8008 номеріне не eubtkz@gmail.com почтасына хабарлама жіберу арқылы байланыса аласыз

10. E-UBT сайты арқылы тестке дайындық ҰБТ-де жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкін бе?

      · Тест тапсыру өз деңгейіңізді анықтап отыруға, қатемен жұмыс жасап, оқыған материалды бекітуге жақсы мүмкіндік береді. Бірақ тек қана тест тапсыру арқылы жоғары нәтижеге жету мүмкін емес. Ол үшін берілген пән бойынша материалдарды толық меңгеріп шығу қажет.